RU
Толық нұсқаға өту

Сеулде өрттен 180 адам баспанасыз қалды

16.01.2026, 21:00 330

Сеулдегі алапат өрттен кейін 180-ге жуық адам баспанасыз қалды. Бұл туралы Рёнхап агенттігі хабарлады. 

Қаланың шет аймағында шыққан өрт тез тұтанатын материалдардан жасалған ғимараттардың түгін қалдырмады. Құтқарушылар қызыл жалынды сегіз сағаттан кейін ғана сөндіре алды. 250-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Алайда, жергілікті тұрғындар шаһарда үйлердің тығыз орналасуына байланысты мұндай жағдайлар жиілей түскенін айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz