Чехияда соңғы көмір шахтасы жабылады. Стонава қаласындағы кәсіпорын қаңтар айының аяғында жұмысын тоқтатады.
Аймақта кеншілер 250 жыл бойы көмір өндіріп келген. Компания сұраныстың азайғанын және шетелдік көмірмен бәсекеге түсе алмайтынын мәлімдеді. Бұл шешім сондай-ақ елдің таза энергия көздеріне көшуімен байланысты қабылданып отыр. Жұмыссыз қалған 900 қызметкерге 11 айлық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Бұдан өзге кеншілерге біліктілік бағдарламалары аясында қолдау көрсетіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Чехия #шахта #кәсіпорынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz