RU
Толық нұсқаға өту

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иранның ішкі істеріне араласушыларға қарсылық білдірді

17.01.2026, 17:15 678

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Иран Ислам республикасының ішкі істеріне араласуға қарсы.

Ұйым қалыптасқан жағдайды саяси-дипломатиялық іс-шаралар арқылы бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Мәлімдемеде тұрғындар мен елдің құқық қорғау органдары өкілдерінің құрбан болуына, сондай-ақ азаматтық инфрақұрылымның бұзылуына алып келген қайғылы оқиғаға алаңдаушылық білдірген. Сонымен қатар хабарламада Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттердің егемендігін, тәуелсіздігі мен тұтастығын құрметтеу, халықаралық қарым-қатынаста қорқытып немесе күш қолданбау принципін ұстанатындығы айтылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz