8 миллион венесуэлалық гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, бұл осы елдегі әрбір төртінші тұрғын. Қазір Венесуэлада азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық қызмет тапшылығы өткір сезіледі. Халықаралық құрылым дағдарысты реттеу үшін шұғыл қосымша қаржы бөлу қажет деп есептейді. Былтыр 600 миллион доллар сұралған еді, бірақ керек соманың 17 пайызы ғана аударылған. Айта кетейік, Венесуэла 2015 жылдан бері АҚШ-тың санкциясына іліккен. 2025 жылы инфляция 270 пайызды құрады. Тұрғындардың жартысынан астамы кедейшілікте өмір сүреді. Мемлекеттік қызметшінің орташа айлығы 100 доллардан аспайды. "Жығылғанға жұдырық" демекші, тасқын, лай көшкіні сияқты табиғи апаттар да күрт көбейіп кетті. Оның үстіне президент Николас Мадуроны АҚШ күштерінің тұтқындап әкетуі жағдайды одан сайын ушықтыра түскен.
Тегтер #Венесуэла #күнкөріс #санкция #АҚШ #Николас Мадуро #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz