АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия мәселесінде Данияны қолдаған сегіз еуропалық елдің тауарларына баж салығын енгізетінін жариялады.
Жаңа 10 пайыздық тариф Даниядан бөлек Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд және Финляндияға қолданылады. Шара 1 ақпанда күшіне енеді. Осы уақытқа дейін Гренландияны сату жөнінде келісім жасалмаса, маусым айында 25 пайызға дейін ұлғайтылады. Ал қарсы тарап АҚШ-тың НАТО құрамына кіретін аумақты басып алуы әскери одақтың күйреуіне әкеледі, - деп ескертіп отыр. Бүгін Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше 27 елдің елшісі шұғыл кездесу өткізеді.
Тегтер #АҚШ #Трамп #ДанияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz