Газа секторы бойынша құрылған Бейбітшілік кеңесіне тұрақты мүше болғысы келетін елдер кемінде 1 миллиард доллар төлеуі тиіс.
АҚШ билігі осындай талап қойды. Кеңестің алғашқы төрағасы Дональд Трамп болады. Мүше елдер 3 жылға тағайындалады. Кеңестің мақсаты Газадағы жағдайды тұрақтандырып, заңды басқаруды қалпына келтіру. Бұған дейін Трамп Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанға осы кеңестің құрылтайшысы болуды ұсынған. Қазір атқарушы құрамда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, арнайы елші Стивен Уиткофф, Трамптың күйеубалаcы Джаред Кушнер және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр бар.
Тегтер #АҚШ #Газа секторы #бейбітшілік #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz