Еуроодақ АҚШ-қа жауап ретінде 93 миллиард еуро көлемінде баж салығын енгізуі мүмкін. Financial Times газеті тарифтер ұшақ бөлшектеріне, алкоголь, майбұршақ пен құс етіне қатысты болатынын хабарлайды.
Дереккөздердің мәлімдемесіне сүйенсек, тарифтер тізімі былтыр дайын болған. Алайда сауда соғысын болдырмау үшін салықты енгізу кейінге ысырылды. Der Spiegel басылымы Брюссельдегі жоспардан тыс саммит барысында Еуроодаққа мүше елдер америкалық компаниялардың жұмысына шектеу енгізуді талқылайтынын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Гренландияны АҚШ-қа беру туралы келісімге келмейінше, Дания, Норвегия, Швеция, Франция және тағы бірқатар мемлекеттен келетін тауарларға 10 пайыз баж салығын енгізетінін айтқан еді. Тарифтер 1 ақпаннан бастап күшіне еніп, жазға қарай 25%-ға дейін өседі. Айта кету керек, дәл осы мемлекеттер Гренландияға әскер жіберген болатын. Әскери жаттығуларға қатысу үшін алдағы уақытта алып аралға Канада билігі де сарбаздарын жіберуі мүмкін.
Тегтер #Еуроодақ #АҚШ #тарифтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz