Оңтүстік Африка елдеріндегі су тасқынынан 100-ден астам адам опат болды. Табиғи апатпен Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик және Зимбабве елдері бетпе-бет келді.
Аймақта бірнеше аптадан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан өзендер тасыған. Бірқатар қала мен елді мекендер су астында қалды. Инфрақұрылым бұзылып, көлік қозғалысы шектелді. Метеорологиялық қызмет алдағы уақытта күн райының қолайсыздығы әлі де сақталатынын жеткізді.
Тегтер #Оңтүстік Африка #су тасқыны #табиғи апатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz