22 қаңтар күні Брюссельде Гренландия мәселесі бойынша төтенше саммит өтеді.
Бұл туралы Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Коштаның өкілі хабарлады. Еуропалық көшбасшылар АҚШ-қа қарсы енгізілуі мүмкін тарифтерді талқыламақ. Трамптың әрекетіне қарсы жаңа баж салықтары ақпан айының басында күшіне енуі мүмкін. Бұған дейін АҚШ президенті кәрі құрлықтың бірқатар елінен келетін тауарларға 10 пайыздық баж салығын енгізген еді. Ал жазға дейін бұл тарифтердің мөлшері 25 пайызға дейін жетуі мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #саммит #ГренландияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz