Түркия билігі курорттық қонақүйлерде «ALL INCLUSIVE» жүйесін реформалау мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Шағын қонақ үй иелері қауымдастығының президенті Эртан Устаоглу қазіргі жүйе демалушылардың қонақ үйлерден шықпай, артық тамақтануға әкелетінін атап өтті. Бұл өз кезегінде елдің туристік әлеуетін шектейді. Сарапшылар туристердің таңдауы бойынша қызметтер топтамасын енгізуді ұсынады. Айта кету керек, Анталья өткен жылды рекордық көрсеткіштермен аяқтады. Курорттық қала 17 млн саяхатшыны қабылдаған. Олардың басым бөлігі Ресей, Германия, Ұлыбританиядан келген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркия #туризм #курортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz