RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандар саны артты

20.01.2026, 23:00 363

Пәкістандағы сауда орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 26 адамға жетті.

Тағы 81 кісі із-түзсіз жоғалды. Ғимараттағы 1200-ге жуық дүкеннің бәрі толық жанып кетті. Тез тұтанатын тауарларға толы сауда нүктелері бір-біріне тығыз орналасқандықтан өрт жылдам тараған. Полиция 16 эвакуация есігінің үшеуі ғана ашық тұрғанын анықтады. Сондықтан көп адам сыртқа шыға алмай қалған. Сауда орталығында желдеткіш, өрт дабылы және автоматты өрт сөндіру жүйесі болмаған. Аймақ билігі қара жамылған отбасыларға өтемақы беріледі деп мәлімдеді. Алдын ала шығын 18 миллион доллар деп есептелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz