Қаңтар айында уранның бағасы бір фунт үшін 85 долларға жетті. Бұл – кейінгі 17 айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Бағаның күрт өсуіне инвестициялық қорлар тарапынан сұраныстың артуы себеп. Сарапшылардың айтуынша, шикізатқа қызығушылық АҚШ билігі уранды байыту кәсіпорындарын салуға рұқсат алу талаптарын жеңілдеткеннен кейін артқан. Сондай-ақ жаңа атом электр станцияларын салу жоспарын жариялаған еді. Мамандар баға әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Дүниежүзілік ядролық қауымдастықтың болжамына сәйкес, 2030-шы жылға қарай әлемде уранға сұраныс 28%-ға артуы мүмкін.
Тегтер #уран #инвестициялық қор #сарапшыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz