Бүгінде әйгілі футболшылар аяқтарын, ал әншілер көмекейін сақтандырып әлекке түсіп жүр. Бұл адамдардың қаржылық сауаттылығының артқаны ма, уайым ба, әлде әлемдік трендке еру ме?
Қазіргі таңда жазатайым жағдайдың кесірінен ұтылып қалмаудың түрлі амалы бар. Ең сенімдісі – сіз үшін ең қымбат дүниені сақтандыру. Мәселен, белгілі футболшы Дэвид Бекхэм аяқтарын 195 млн долларға бағаласа, көпшіліктің сүйікті әншісі Мэрайя Кэри көмекейін 35 млн долларға сақтандырған. Олардың басты табысы дәл осы дене мүшелерімен байланысты. Кей жағдайда адамның түгелдей мансабын сақтап қала алады. Ал әйгілі кәсіпкер Леона Хелмсли көз жұмар алдында итінің сақтандыру қорына 12 млн доллар қалдырды. Леонаның артында қалған мүлкі туыстарының арасында үйлестірілген, бірақ ең көп бөлігі итіне жұмсалған. Сарапшылардың айтуынша, сақтандыру – күтпеген жағдайдан қорғай алмаса да, оның салдарын жұмсартудың ең тиімді құралы.
Уэнделл Поттер, құқық қорғаушы, сақтандыру маманы:
- Қазіргі таңда АҚШ халқының басым бөлігі сақтандырумен қамтылған. Бұл – біздің қоғам үшін үлкен жетістік, өйткені әрбір адам өз денсаулығы мен құқығын қорғау мүмкіндігіне ие. Бұл – қаржыны үнемдеу ғана емес, маңызды сақтық шарасы.
Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы жылдары сақтандыруға деген қызығушылық әлем бойынша артып келеді. Allianz компаниясының 2024 жылғы есебі жаһандық сақтандыру нарығы 8,6 %‑ға өскенін көрсетті. Сұранысқа ең көп ие бағыттар – денсаулық, жазатайым жағдайлар мен сапарға шығу полистері. Бұл – адамдардың қаржылық қауіпсіздікке деген көзқарасы әлемдік деңгейде күшейгенін көрсетеді.
Тегтер #Сақтандыру нарығы #футболшылар #қаржылық сауаттылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz