RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Құдыстағы БҰҰ штабын бұза бастады

21.01.2026, 17:55 312

Израиль Құдыстағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Таяу Шығыс агенттігінің штаб-пәтерін бұза бастады.

Агенттіктің қызметіне өткен жылдың басында тыйым салынған. Израиль ұйым қызметкерлерін ХАМАС-пен ауыз жаласқан деп айыптады. БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш «Тель-Авив халықаралық заңнаманы бұзды» деп сынға алды. Сондай-ақ ол Израиль билігінен әскери іс-қимылды тез арада тоқтатып, нысандарды қайта қалпына келтіруді және агенттік жұмысын жандандыруды талап етті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігі 1949 жылдан бері жұмыс істейді және 6 млн-ға жуық босқынға көмектеседі.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz