Швейцарияның Давос қаласында өтіп жатқан экономикалық форумда геосаяси тұрақсыздық, жаһандық экономикалық тәуекелдер және технологиялық трансформациялар туралы мәселелер көтеріледі.
Іс-шара 23 қаңтарға дейін жалғасады. Биыл форумға 130 елден 3 мыңға жуық делегат қатысады. Олардың қатарында шамамен 400 саяси көшбасшы, соның ішінде Үлкен жетілік ((G7)) елдерінің басшылары бар. Кездесуге сондай-ақ ірі бизнес жетекшілері, стартап жетекшілері және алдыңғы қатарлы технологиялық корпорациялардың өкілдері жиналды. Форумда энергетикалық қауіпсіздік, экологиялық тұрақтылық және генеративті жасанды интеллектті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Тегтер #Давос #экономика #форум #Таңдаулы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz