RU
Толық нұсқаға өту

Мәскеуде Владимир Путин мен Стив Уиткофф кездесті

23.01.2026, 19:12 551

Мәскеуде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесті.

Басқосуға Ресей тарапынан ел президентінің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев пен оның көмекшісі Юрий Ушаков қатысты. АҚШ тарапынан Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер мен Федералдық сатып алу қызметінің комиссары Джош Грюнбаум бой көрсетті. Кездесуде Украинадағы аумақтық мәселелер талқыланды. 4 сағатқа созылған келіссөз кезінде тараптар ортақ мәмілеге келе алмады. Сондай-ақ бүгін Абу-Дабиде қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің қатысуымен үш жақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz