RU
Толық нұсқаға өту

Трамп сәуір айында Қытайға барады

23.01.2026, 23:49 268

АҚШ президенті Дональд Трамп сәуір айында Қытайға барады.

Бұл туралы ол Давостан қайтып бара жатқанда мәлімдеді. Қос ел көшбасшылары биыл екі кездесу өткізеді. Ақ үй қожайынының айтуынша, Қытай басшысының Америкаға сапары қыс айларына жоспарланған. Трамп Си Цзиньпинмен қазіргі қарым-қатынасын өте жақсы деп бағалады. 

Ол: "Коронавирус пандемиясы кезінде түсініспеушіліктер болғанымен қазір айқын ілгерілеу бар. Екі жақты байланыстың жақсаруының дәлелі сауда саласы", - дейді.

Кейінгі жылдары АҚШ пен Қытай арасында тауар экспорты артқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz