Румыния астанасы Бухарест экономикалық дағдарысқа тап болды. Қала бюджетінде қазір 1 миллион доллардан сәл асатын ғана қаржы қалған.
Осыған байланысты әкімшілік қатаң үнемдеу шаралары мен қаржылық шектеулер енгізуге кірісті. «Бухарест қаржы жағынан толықтай үкіметке тәуелді», - деді қала мэрі. Бірнеше мемлекеттік мекемелер тоқтауға тақау тұр. Қала билігі бюджет қаражатын тиімсіз жұмсап отыр. «Осыдан екі жыл бұрын қаржы тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 9 пайызына жетті», - деді елдің прьмер министрі. Үкімет биыл қаржы тапщылығын алты пайызға қысқартып, экономиканы қалпына келтіруге барын салмақ.
Тегтер #Румыния #қаржы #дағдарысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz