RU
Толық нұсқаға өту

Моңғолиямен тауар айналымы 500млн долларға артады

24.01.2026, 15:10 306

Қазақстан мен Моңғолия екіжақты тауар айналымын 500 млн долларға арттыруға ниетті.

Бұл туралы Премьер-министрінің орынбасары ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Хассуурийн Ганхуягпен кездесуі кезінде айтты. Былтыр екі елдің алыс-беріс көлемі 121,5 млн долларға, оның ішінде экспорт 113 млн және импорт 8,6 млн долларға жетті. Тауар айналымын одан ары арттыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей іскерлік байланыс орнату, сондай-ақ Қазақстандағы индустриялық және еркін экономикалық аймақтар мен экспорттық әлеуетті таныстыру үшін Моңғолияға сауда миссиясын жіберуді жоспарлап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz