RU
Толық нұсқаға өту

Қытай 6G интернетті сынақтан өткізудің екінші кезеңін бастады

25.01.2026, 10:44 367

Қытай 6G интернетті сынақтан өткізудің екінші кезеңін бастады.

Ол қазіргі қолданыстағы нұсқадан 28 есе жылдам әрі 10 есе ауқымды аумақты қамтиды. Мамандар бұған дейін 4 жыл уақыт жұмсап 300-ден астам маңызды техникалық жаңалыққа қол жеткізген еді. Енді жаңа жабдықтарды құрастырады. Сондай-ақ өндіріс саласында қолдану жүйесін қалыптастырмақшы. Ел үкіметі зерттеу жұмыстарын жеделдету туралы шешім қабылдады.

Се Цунь, Қытай Өндіріс және ақпараттық технологиялар министрлігінің өкілі:

- Қытай бұған дейін әлемдегі ең үлкен 5G ақпараттық инфрақұрылым жасаған. Оның құрамында 4,84 миллион базалық станция және 1,2 миллиард тұтынушы бар. Осының арқасында әлеуметтік-экономикалық саланың қарыштап дамуына жол ашылды. Енді жаңа деңгейге шықтық. 6G интернетті әзірлеуге қатысты зерттеу жұмыстарын жеделдетеміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz