RU
Толық нұсқаға өту

Үндістанда емі жоқ вирус таралып жатыр

26.01.2026, 07:10 319

Үндістанда емі жоқ ауру таралып жатыр. Жаңа вирус Нипах деп аталады.

The Independent басылымының жазуынша, Батыс Бенгалия штатында індетті 5 адам жұқтырған. Олардың 3-і – медицина мамандары. Біреуінің халі ауыр. Тағы жүзге жуық тұрғын карантинге жабылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері, Нипах вирусынан қауіп жоғары деп отыр. Оны жарғанаттар таратуы мүмкін. Дерттің белгілері безгек, бас, тамақ және бұлшық ет ауырады, жүрек лоқсиды. Асқындырып алған жағдайда миға зақым келіп, науқас 2 күн ішінде комаға түседі. Үнді билігі эпидемиологиялық бақылауды күшейтті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz