RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда құрбандар саны артты

26.01.2026, 11:25 369

Индонезияның Батыс Ява провинциясында лай көшкінінен көз жұмғандар саны 25 адамға жетті.

Құрбандар –  Пасирланг ауылының тұрғындары. Тағы 80-ге жуық кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Индонезия полициясы хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, 11 мәйіттің кім екені анықталған. Лай көшкініне бірнеше күн толассыз құйған жаңбыр себеп. Түн ортасында жүрген сел 30-ға жуық үйді басып қалды. Іздеу-құтқару операциясына Төтенше жағдай ұлттық агенттігінің 250 қызметкері тартылған. Таулы аймақтағы жер бедері операцияға қиындық келтіруде. Дрондар, иттер мен ауыр техника қолданылып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz