Венесуэла мұнай жобаларына 1,4 миллиард доллар инвестиция салады. Бұл өнімді бөлісетін келісім-шарттар негізінде іске аспақ.
Ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес мемлекеттік мұнай компаниясының штаб-пәтерінде осы саланың басшылары, заңгерлер және депутаттармен кездесуде осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ жиналғандар «қара алтын» заңнамасына қатысты реформа жүргізу барысын талқылаған. Осының алдында АҚШ-тың Қаржы министрі Дональд Трамп әкімшілігі Венесуэла үкіметіне қарсы салынған санкцияларды біртіндеп алатынын және еркін, әділ сайлау өтетінін жеткізді.
Делси Родригес, Венесуэла президентінің міндетін атқарушы:
- Осы сәтке дейін 29 бірлескен келісім-шарттарға қол қойылды. Былтыр инвестиция көлемі 900 миллион доллар болды. Биылғы мұнай өндіру көлемі былтырғымен салыстырғанда 18 пайызға артады. Біз АҚШ-пен құрметке негізделген қарым-қатынас жасаудан қорықпаймыз.
Тегтер #Венесуэла #мұнай #жобаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz