АҚШ-та бораннан көз жұмғандар саны 42 адамға жетті.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандардың ең кішісі 17, ең үлкені 96 жаста. Осы сәтке дейін 14 мыңнан астам әуе рейсі кейінге шегерілді. Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, елдің солтүстік-шығысындағы кейбір аудандарды кейінгі 24 сағатта 50 сантиметрден астам қар жауған. "Скай Ньюс" ((Sky News)) телеарнасы АҚШ-тағы бораннан келген шығын қазірдің өзінде 115 миллиард долларды құрайтынын жеткізді. АҚШ-та қыс 23 қаңтардан бастап кәріне мінген.
Ағаштар құлап, электр желілері үзіліп, жарты миллионнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Әсіресе Теннесси штатында қараңғылық құшағында қалған Нэшвилл қаласына қиын соқты.
Американдықтар қыстың қызығына батты
Десе де, қыстың қызығына осылай батып жүрген көңілді америкалықтар да бар. Бостонда жастар қалың қар жапқан көшеде сноуборд теуіп, шаңғымен сырғыды. Ал техастықтар бала-шағасымен сырғанақ күнін ұйымдастырған. Олар арнаулы құралсыз картон, тақтаймен сырғанап жүр.
Тегтер #АҚШ #боран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz