RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде доллар бағамы құлдырады

28.01.2026, 20:06 354

Әлемде доллар құлдырады. Валюта бағамы кейінгі төрт жылдағы ең төменгі деңгейге түсті. 

Бұл тұста сарапшылар еуроның, фунт стерлингтің және иеннің нығайғанын айтады. Ал тиімді жол іздейтін азаматтар инвестицияны алтынға құюды жөн санайды. Нәтижесінде бағалы металл құны алғаш рет бір унциясы үшін 5 300 доллардан асты. Сарапшылар доллардың әлсіреуін геосаяси мәселелермен, Құрама штаттар бюджетінің тапшылығымен және АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме бойынша шешіміне қатысты жағдаймен байланыстырады. Ал президент Трамп бұл мәселеге мүлде алаңдамайтынын, доллардың бағамы «қалыпты, әрі қанағаттанарлық» деңгейде екенін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz