RU
Толық нұсқаға өту

Дания Гренландияға әскер үшін кеме жібереді

29.01.2026, 09:15 226

Дания Гренландияға сарбаздарын орналастыру үшін кеме жібереді.

Бұл туралы Bild басылымы хабарлаған. Ocean Endeavour деп аталатын кеме қалқымалы казармаға айналады. Оған шамамен 150 жауынгер орналасуға тиіс. Дания алдағы уақытта Германия, Норвегия, Швеция мен Ұлыбританиямен бірлескен әскери оқу жаттығуларын өткізбек. Сарбаздарды кемеге орналастыру ақпан айында басталады. Жалпы Дания кейінгі кезде аралдағы әскери қуатын күшейтіп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz