RU
Толық нұсқаға өту

Колумбияда ұшақ апатқа ұшырады

29.01.2026, 11:15 176

Колумбияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, әуе кемесіндегі 15 адамның барлығы дерлік қаза тапты.

Әуе кемесімен байланыс ол көкке көтерілгеннен 12 минуттан кейін үзілген. Құрбандардың 13-і жолаушы, 2-і экипаж мүшесі. Марқұмдардың арасында наурызда өтетін Конгресс сайлауына үміткер және жергілікті Мәслихат депутаты, сондай-ақ басқа  саясаткерлер мен шенеуніктер болған. Ұшақ сынықтары таулы аймақтан табылды. Бұл аумақта күн райы үнемі қолайсыз болып тұрады, жер бедері де күрделі. Куәгерлер әуе кемесінің толығымен қирап қалғанын айтады. Апат себебі әзірге белгісіз. Тергеу басталды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz