Алтынның унциясы 5600 доллардан асты. Бұл ақпандағы фьючерс құны.
Тарихи рекордты көрсеткіш Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі – «Комекс» биржасында тіркелген. Сарапшылар АҚШ қарызының өсуі мен ғаламдық сауда жүйесінің аймақтық блоктарға бөлініп, белгісіздіктің етек жаюы инвесторларды алтынға көбірек сенім артуға итермелеп отыр, - дейді. Мамандардың мәлімдеуінше, алтын дағдарыс пен инфляциядан қорғанатын жай ғана құрал емес, ол сондай-ақ әртүрлі макроэномикалық жағдайда түрлендіруді қамтамасыз ететін сенімді әрі бейтарап құтқарушы активке айналған. Бұл металл жыл басынан бері 27 пайызға қымбаттады. Былтырғы өсімнің өзі 64 пайызды құраған болатын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #алтын бағасы #нарық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz