RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Кубаға мұнай сатқандарға тариф енгізеді

30.01.2026, 07:32 235

АҚШ Кубаға да қыспақты күшейтті. Вашингтон бұдан былай Гаванаға мұнай тасымалдайтын елге тариф енгізеді. 

Тиісті жарлыққа Америка Президенті қол қойды. Құжат Ақ үйдің ресми сайтында жарияланды. Баж салығы Құрама Штаттарға экспортталатын тауарларға салынады. Енгізілетін тариф мөлшері әзірге белгісіз. Президент Николас Мадуро биліктен шеттетілген соң, Куба басты одақтасынан айырылды. Өйткені осыған дейін мұнайды Гаванаға Каракас жеткізетін. Енді Вашингтон мұның бәрін шектеп тастады.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz