Қытайда 11 адам өлім жазасына кесілді. Олар Мин деп аталатын ұйымдасқан топтың мүшелері.
2023 жылы Мьянма аумағында ұсталған күдіктілерге қатысты сот үкімі былтыр күзде шыққан. 23 адамның 11-і өлім жазасына кесілсе, қалғаны өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тергеу нәтижесі көрсеткендей, сотталғандар заңсыз ойын бизнесімен айналысып, сall-орталықтар арқылы алаяқтық жасаған. Қаскөйлердің тұзағына түскен, қытайлықтар 1 млрд 400 млн доллар жоғалтқан. Қомақты қаржысынан қағылғандардың арасында өз-өзіне қол жұмсаған деректер де бар. Кейінгі жылдары алаяқтар айылын жияр емес. БҰҰ-ның дерегі бойынша, былтыр әлемде қаскөйлердің кесірінен 37 млрд доллар шығын келді. Қытайда мұндай қылмыстық іс бойынша алғаш рет өлім жазасы кесіліп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #МьянмаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz