RU
Толық нұсқаға өту

Мозамбикте 400 мың адам су тасқынынан баспанасыз қалды

31.01.2026, 09:49 266

Мозамбиктің оңтүстігіндегі тасқын салдарынан 400 мың адам үй-жайынан айырылды.

Олар қауіпсіз аймаққа кетуге мәжбүр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттік өкілі мәлімдеді. Айтуынша, тағы 800 мың тұрғын тасқын зардабын тартып отыр. Үй-күйсіз қалғандар мектептерге орналастырылған. Бірақ орын өте тығыз. Электр жарығы үзілген. Жергілікті жұрттың бірден-бір қорегі болып келген дәнді дақыл алқаптарын су шайып кетті. Азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да бірінші кезекте қажетті заттар жетіспейді. Мамандар тасқынға климаттың өзгеруі мен "Ля Ниньа" табиғи құбылысы себеп дейді. Қазір онда 112 адам қаза тапқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz