Үндістан енді қара алтынды Ираннан емес, Венесуэладан сатып алады.
Бұл туралы Дональд Трамп хабарлады. Ақ үй басшысының йтуынша, мәміленің негізгі шарттары келісілген. Рейтер бұл келісім сондай-ақ Ресей мұнайының импортын алмастыруға көмектеседі деп хабарлайды. Нью-Дели Венесуэла мұнайын импорттауды былтыр тоқтатқан еді. Бұған АҚШ президентінің 25%-дық баж салығын енгізуі себеп. Осы аптада Вашингтон мен Каракас Венесуэланың мұнай секторына қатысты шектеулерді жеңілдетті. Бұл елдегі шикізатты әлемдік нарыққа біртіндеп шығаруға мүмкіндік берді.
Тегтер #Үндістан #Венесуэла #мұнай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz