RU
Толық нұсқаға өту

Иран ЕО әскерін террористік ұйым деп атады

02.02.2026, 07:38 233

Иран Еуропалық одаққа мүше елдердің әскерін терроршы ұйым деп атады. Бұл шешім – Еуроодақтың Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусын терроршы ұйымдар тізіміне енгізуіне жауап.

Осы орайда жеке тұлғалар мен құрылымдарға да санкция енгізілген. Тегеран бұған қарсы жауап болатынын ескертіп, Еуропа «өз қожайыны – АҚШ-тың көңілін табуға тырысып отыр», - деп айыптады. Еске сала кетейік, Ислам революциясы сақшылар корпусы – Иранның элиталық әскери-саяси құрылымы. Республика көшбасшысына тікелей бағынады және мемлекеттің идеологиясын қорғайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz