RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда автобус апатынан сегіз адам көз жұмды

02.02.2026, 09:31 225

Түркияның оңтүстігінде жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды. Тағы 26 адам жарақат алды.

Антальяға бағыт алған көлік жол жиегіне шығып кеткен. Алдын ала деректер бойынша, жаңбырдан кейін көктайғақ болып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Жолдағы көріну деңгейіне қою тұман да әсер еткен болуы мүмкін. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz