Биткоин бағамы 75 мың долларға дейін төмендеді. Бұл - кейінгі 10 айдағы ең төменгі көрсеткіш.
Binance биржасының хабарлауы бойынша, басты криптовалюта АҚШ-тағы кадрлық өзгерістер аясында құлдырап отыр. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Кевин Уоршты Федералдық резерв жүйесінің төрағасы қызметіне ұсынды. Кейін инвесторлар активтерін жаппай сата бастады. Жоғары пайыздық мөлшерлемеге бағытталған саясат нарықта криптовалютадан бас тартуға итермеледі, - дейді сарапшылар. Айта кетейік, биткоин 2025 жылдың қазан айында 125 мың доллардан асып, өзінің бағамдық рекордын жаңартқан еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #нарық #биткоинPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz