RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда құрбандар саны 74 адамға жетті

02.02.2026, 16:10 262

Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы лай көшкінінен көз жұмғандар саны 74-ке жетті. Құрбандар арасында оқу-жаттығуға қатысқан 23 әскери теңізші бар.

Тағы 6 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. Жергілікті полицияның хабарлауынша, әзірге 57 мәйіттің кім екені анықталған. Лай көшкініне бірнеше күн толассыз құйған жаңбыр себеп. Түн ортасында жүрген сел Пасирланг ауылының шырт ұйқыда жатқан тұрғындарын басып қалған. Шамамен 30-ға жуық үй қирады. Табиғи апат аумағынан 200-ден астам адам қауіпсіз жаққа көшірілген. Іздеу-құтқару операциясы 1 аптадан бері әлі жүріп жатыр. Бұл іске сарбаздар, полиция мен арнаулы техника тартылды. Негізі қазір Индонезияда жауын-шашын маусымы. Ол наурыз айына дейін созылады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz