RU
Толық нұсқаға өту

Португалия төтенше жағдай режимін ұзартты

02.02.2026, 16:35 280

Португалияда дауылдан төтенше жағдай режимі тағы бір аптаға ұзартылды. Дүлей жел елдің орталығына көп залал келтірген.

Онда желдің екпіні сағатына 200 шақырымға дейін жетті. 6 адам опат болды. Қазірдің өзінде 170 мың тұрғын жарықсыз отыр. Бірқатар ауданда байланыс үзіліп, жолдар жабылған. Қалпына келтіру жұмыстарына 250-ге жуық әскери қызметкер тартылды. Десе де синоптиктердің болжамы әлі де көңіл көншітпей тұр. Мамандар енді алдағы тәуліктерде жаңбыр нөсерлетіп, су тасуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz