RU
Толық нұсқаға өту

Германияда көлік жүргізушілері бас көтерді

02.02.2026, 21:55 324

Германияда қоғамдық көлік жүргізушілері бас көтерді. Осыған байланысты Төменгі Саксония аймағынан басқа жердің бәрінде автобус, трамвай және метро жұмысы тоқтады.

«Рейтердің» хабарлауынша, жаппай наразылыққа қаржы мәселесі себеп болып тұр. Жергілікті кәсіподақ еңбек жағдайын жақсартуды, оның ішінде, жалақы көлемін 12 пайызға көтеру талабын қойды. Міндетті шарттардың арасында жұмыс уақытын қысқарту, түнгі және демалыстағы жұмыс сағаттары үшін үстемақы төлеу бар. Шерулерге 150 қоғамдық көлік компаниясынан жүз мыңға жуық қызметкер қосылған.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz