Дональд Трамп Гарвард университетінен 1 миллиард доллар өтемақы талап етіп отыр. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желі парақшасында мәлімдеді.
Сондай-ақ The New York Times басылымы әкімшілік жоғары оқу орнын қаржыландырудан бас тартқанын жазған. Алайда Трамп бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр сәуірде федералдық билік Гарвардқа беріліп келген 2 миллиард доллардан асатын грантты бөлмей қойған. Сонымен қатар университет шетелдік студенттерді де қабылдау құқығынан айырылды. Трамптың айтуынша, бұған Газадағы соғыс кезінде антисемитизм белгілері мен Палестинаны қолдайтын наразылықтың бой көтеруі себеп. Ақ үй осы дауды шешу үшін 500 миллион доллар төлеуді талап еткен, бірақ Гарвард одан бас тартып, әкімшілікті сотқа берді. Желтоқсанда сот гранттарды бермей қоюды заңсыз деп таныған. Енді Трамп оқу орнына қатысты әкімшілік істі қылмыстық мәртебеге ауыстыру қажет деп отыр. Гарвард бұл жайтқа қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Тегтер #Трамп #Гарвард #өтемақыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz