RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай – түркі әлеміне ортақ мұра

04.02.2026, 07:10 324

Құрылтай дәстүрі – қазақ халқына ғана емес, түркі дүниесіне ортақ мұра. Көктүрік дәуірі мен ғұндар заманынан бері ел тағдырына қатысты мәселелер құрылтайда талқыланып, шешім қабылданған.

Түрік тарихшыларының пайымынша, қазіргі Парламенттік жүйенің тарихи негізі дәл сол кезеңдерден бастау алады. Ал Түркия Республикасында бұл дәстүр ХХ ғасырдың басында жалғасын тапты. Әсіресе, ғылым саласына қатысты маңызды мәселелер құрылтай арқылы шешілген. Осы тұрғыдан алғанда Парламенттің атауын «құрылтай» деп өзгерту – тарихи атауды қайта жаңғыртқан маңызды әрі символдық шешім, - дейді профессор Конуралп Ержиласун.

Конуралп Ержиласун, тарихшы, профессор:

- Түркияда «Құрылтай» сөзі Республиканың құрылу кезеңінен бері, яғни шамамен 120 жыл бойы қолданылып келеді. Қазір де саяси партиялар сайлауалды жиындарын құрылтай форматында өткізеді. Кәсіби палаталар мен белгілі бір сала өкілдері қатысатын кең ауқымды басқосулар да «Құрылтай» деп аталады. Меніңше, Қазақстанда ұлттық құрылтайда қабылданған бұл шешім қазақ дәстүрі, ұлттық руханияты мен жарқын келешегі үшін оң қадам. Бұл – тарихи жаңғырудың бастамасы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz