Германияда қалың қар түсіп, Франкфурт әуежайының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Жоспарланған 920 рейстің 100-ге жуығы кейінге шегерілді. Өзгелері басқа әуежайларға бағытталған.
Ұшу-қону жолақтары қардан тазаланғаннан кейін рейстер қайта жанданғанымен, енді терминалдар жұмыс істемей тұр. Жауаптылар жолаушылардан тіркеуге алдын ала келуді өтінді. Германияның метеорологиялық қызметі елдің бірқатар өңірінде әлі де қар жауады, көктайғақ және қатты жел болады деп ескертті. Қолайсыз ауа райы ондаған жол-көлік оқиғасына да себеп болған. Айта кетейік, желтоқсан айының соңынан бері Германияда қыс қатты, қар қалың.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Германия #синоптиктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz