NASA-ның Айға сапары кейінге қалдырылды. Ұшыру кезінде сұйық сутектің ағып кетуіне байланысты маңызды «Артемида-2» миссиясы келесі айға шегерілді.
Ғарыш агенттігі 21 қаңтардан бері ұзақ сапарға дайындалып, карантинде болған ғарышкерлерді босататынын мәлімдеді. Енді наурыз айында жоспарға сай 4 ғарышкер Айға 10 күндік сапарға аттанады. Бұл 2022 жылғы пилотсыз ұшудан кейінгі Ай бағдарламасының екінші кезеңі. Яғни адамзат бұрын-соңды жетпеген ең алыс ғарыш нүктесіне дейін баратын алғашқы ұшу болмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ай #NASA #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz