RU
Толық нұсқаға өту

Масктің Париждегі кеңсесі тінтілді

04.02.2026, 09:45 214

Илон Маскке тиесілі X компаниясының Париждегі кеңсесінде тінту жүргізілді. Бұл ақпаратты «Рейтер» агенттігі таратты. Тінту былтыр қаңтарда басталған тергеу аясында жүргізілген.

Оған француз Парламентінің мүшесі X алгоритмдері теріс жұмыс істейді, мәліметтерді бұрмалайды деген шағымы себеп. Осыдан кейін прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Сосын Х-ке негізделген Grok чат-боты бей-әдеп мазмұнда жалған мәлімет таратты деген күдік туындап, тергеу аясы кеңейтілген. Тергеу ісі Ұлттық кибер-бөлімше, жандармерия және Еурополициямен бірлесе жүргізіліп жатыр. Париж прокуратурасы Илон Маск пен Х-тің бұрынғы бас директоры Линда Яккариноны сәуірде ерікті түрде жауап алуға шақырған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz