RU
Толық нұсқаға өту

Өзбекстанда 15 млн тұрғынның жеке дерегі таралғандығы анықталып жатыр

04.02.2026, 10:10 234

«Өзбекстанның әлеуметтік желілерінде тұрғындардың жеке дерегі сыртқа тарап кетті», - деген ақпарат шықты. Мәлімет бойынша 15 млн азаматтың дербес дерегі мемлекеттік ақпараттық жүйелерден қолды болған.

Аталған фактіге қатысты кибер-қауіпсіздік орталығы түсініктеме берді. Ресми органның мәліметіне қарағанда, «әлеуметтік желілерде тарған ақпарат назарға алынды. Қазір ол жан-жақты тексеріліп, тұрғындарға мән-жай түсіндіріледі»,-делінген. Сондай-ақ ресми орган азаматтарға жеке логин мен құпия сөзді күрделі етіп қоюға кеңес берді. Ұлттық статистика аганттігі де аталған мәселеге қатысты жауап қатты. Еске салайық, қазір Өзбекстанда ұлттық санақ науқаны жүріп жатыр. Осыған жауапты статистика агенттігі азаматтардың барлық жеке дерегі қауіпсіздікте сақталған - деп отыр.     

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz