RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Үкіметінің жартылай шатдауны аяқталды

04.02.2026, 12:55 326

АҚШ үкіметінің жартылай шатдауны аяқталды. Өкілдер палатасында 217 де 214 дауыс айырмашылығымен қабылданған қарар Ақ үйге жолданып, төрт күндік кідіріс тәмамдалды. 

Соның нәтижесінде қорғаныс, денсаулық сақтау, еңбек, білім беру, тұрғын үй және басқа да бірқатар мемлекеттік мекемелердің жұмысы қайта жанданды. Алайда Ішкі қауіпсіздік департаментінің бюджеті 13 ақпанға дейін ғана ұзартылды. Айта кетейік, федералдық мекемелерді қаржыландыру мерзімі сенбі күні аяқталған еді. Ол кезде алауыздыққа Президенттің қатаң иммиграциялық саясаты себеп болып, ішкі қауіпсіздік департаменті сынға қалған еді. Қазір конгресмендер бюджет пен иммиграция мәселесіне қатысты келіссөздерді талқылауды жалғастырып жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz