RU
Толық нұсқаға өту

Кубада жүз мыңға жуық адам жарықсыз қалды

06.02.2026, 11:09 228

Кубада жүз мыңға жуық адам электр жарығынсыз қалды.

Оған электр станцияларының бірінде болған апат себеп. Қазір елдің шығысындағы төрт провинцияда жарық жоқ. Мұндай жағдай бұған дейін бірнеше мәрте болған. Былтыр елдегі ең ірі жылу электр орталығында ақау болып, салдарынан өңірдегі ондаған кәсіпорын жұмысын тоқтатқан еді. Мектептер мен басқа да оқу орындары сабақтарды кейінге шегерді. Билік энергетика саласындағы қиыншылықтарды сыртқы санкциялармен, отын сатып алуға қойылған шектеулермен және жылу станцияларындағы жабдықтардың тозуымен байланыстырып отыр. Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz