Парсы шығанағында Ислам революциясы сақшылар корпусы екі мұнай танкерін ұстады.
15 экипаж мүшесі Иранның құқық қорғау органдарына тапсырылды. Енді олар сот алдында жауап береді. Ирандық Tasnim ақпарат агенттігінің ақпарына сүйенсек, тәркіленген кемелер арқылы заңсыз отын тасымалданған. Ирандағы жанармай бағасы әлем бойынша ең арзанына жатады. Осы себепті отынды басқа елдерге тасымалдауды кәсіпке айналдырып отырғандар көп. Осыған дейін 3 ақпанда Иранның алты қарулы катері Ормуз бұғазында АҚШ туы астында жүзіп келе жатқан танкерді ұстауға әрекет еткен болатын. Ормуз бұғазы Парсы шығанағын Оман шығанағы, Араб теңізі және Үнді мұхитымен байланыстырады. Бұл теңіз жолы арқылы әлемдік мұнайдың 20 пайызы тасымалданады. Былтыр Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері қолбасшылығының өкілі АҚШ тарапынан шабуыл жасалған жағдайда Ормуз бұғазын жабамыз деген болатын.
Тегтер #Иран #танкер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz