Бұдан былай NASA астронавттары ғарышта смартфон пайдалана алады.
Bloomberg мәліметтеріне сенсек, құрылғыларды халықаралық ғарыш станциясына ұшатын Crew-12 миссиясы, сондай-ақ Artemis II Ай бағдарламасында қолдану жоспарланып отыр.
NASA агенттігі бастаманы экипажға білім беру контенті мен жеке мұрағат үшін түсірілім жасауға жәрдемдесу мақсатында қолға алғанын айтады. Осылайша Америкалық ғарыш агенттігі кемелерінде мобильді құрылғыларды қолдануға алғаш рет ресми рұқсат беріліп отыр.
Тегтер #NASA #ғарыш #смартфонPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz