RU
Толық нұсқаға өту

Бангладеште Нипах вирусынан бір адам көз жұмды

07.02.2026, 13:43 294

Бангладештің солтүстігінде нипах вирусынан 50 жастағы әйел көз жұмды. Ол денсаулығы сыр бергеннен кейін бір апта ішінде қайтыс болды. 

Қазір дәрігерлер онымен байланыста болған 30-дан астам адамды бақылауға алды. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Әйелдің шетелге шықпағаны анықталды. Десе де бірқатар халықаралық әуежайда санитарлық бақылау күшейтілді. Мамандар аса қауіпті нипах вирусы көбіне жарқанаттар мен ластанған жемістер арқылы жұғатынын ескертеді. Бүгінде бұл инфекцияға қарсы ем жоқ. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz