RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Иранға қарсы жаңа баж салығын енгізді

07.02.2026, 15:11 359

АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранмен сауда жасайтын елдерге 25%-дық қосымша баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Сондай-ақ АҚШ Мемлекеттік департаменті Иран мұнайын заңсыз тасымалдауға қатысы бар 15 ұйым мен 14 кемеге санкция салды. Вашингтон, Тегеранды халықтың әл-ауқатын жақсартудың орнына, аймақтағы тұрақсыздықты қолдап отыр деп айыптады. 

Иран тарапы бұл шешімге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ. Айта кетейік, бұған дейін Оманда өткен АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер кезінде тараптар диалогты жалғастыруға уағдаласқан еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz